Астанада бір мандатты округ бойынша екі адам мәжіліс депутаттығына бірінші турда сайланды

Елордасының бірінші сайлау округынан "Отан" партиясының үміткері Бекен Әлімжанов, екінші округ бойынша сайлауға өз бетімен ат ұсынған Астана әкімінің орынбасары, "Отан" партиясының мүшесі Төлеген Мұхамеджанов сайланды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сайлау барысында дауыс беруге келгендер саны 56,7 процентті құрады. 45 сайлау округында депутаттар сайланса, 22 округте сайлау қайта өткізіледі.