«Студенттер «Елбасын қолдаймыз!» деп ұрандатып, президент
сүйіп тыңдайтын әнді («Весна на Заречной улице» кинофильмі) шырқады», - деп хабарлайды университеттің қоғаммен байланыс бөлімі.
Сонымен қатар, Фемида алаңына «Мен Қазақстанды сүйемін! Мен Нұрсұлтанды сүйемін!» деген жазуы бар үлкен баннер ілінген.
Бөлімдегілердің айтуынша, бұл студенттерің бастамасы көрінеді.
Содан соң студенттер жүрек пішіндес үш мың шарды әуеге ұшырды.
Ал, алғысөз сөйлеген университет ректоры Мақсұт Нәрікбаев «Н.Назарбаев біздің университетімізбен тығыз байланысты» деп атап өтті.
ҚазГЗУ Астанаға президенттің тапсырмасы бойынша көшірілген болатын.