Астанада бір құрылысшы қаза тапты



Мекеме ақпаратына сәйкес, Алматы ауданында "Құлагер" ЖШС-нің құрылыс алаңында 8-тамызда 9 сағат 45 минутта тұрғын үй құрылысын салу барысында шынжыр табанды кранның көтергіші құлап кеткен. Соның салдарынан жарақаттанған екі жұмысшы ауруханаға жатқызылды. Олардың біреуі ауруханада қайтыс болды.