Астанада бір тәулік ішінде жарты айдың нормасындай қар жауды


деп хабарлады сейсенбіде астаналық әкімшіліктің сайты.
Қар басып қалған жолдар мен көшелерді тазалау үшін арнайы техниканың 713 бірлігі пайдаланылып отыр.
Әкімшіліктің ақпаратына қарағанда, бір тәулік ішінде қаладан 7 мың 86 текшеметр қар шығарылған.
Қазгидромет деректеріне қарағанда, алдағы үш күнде Астанада қар жауа бермек, боран тұрады. Ауа температурасы күндіз – 13 градусқа дейін аяз, түнде -21 градус.