Астанада бiрнеше сенiмсiз мердiгер-компаниялар бар - Ә. Жақсыбеков

Оның айтуынша, сенiмсiз компаниялар тарапынан адамдарды алдау оқиғалары да орын алған.

"Қалада бiрнеше сенiмсiз мердiгер-компаниялар бар. Кейбiрiнде рұқсат құжаттары жоқ. Оларға қатысты қылмыстық iстер қозғалды. Сондықтан пәтер құрылысына қаржы құю iсiнде мұқият болыңыздар дегiм келедi. Сенiмсiз компаниялар тарапынан адамдарды алдау оқиғалары тiркелген. Бұл ретте күмән тудыратын жағдайда әкiмдiкке хабарласып, кез келген мердiгер бойынша тиiстi ақпарат алуға кеңес беремiн", - дедi Ә. Жақсыбеков. 

Бүгiнде Астанада жұмыс iстеп жатқан құрылыс ұйымдарының саны 1,5 мыңнан асады. Өткен жылмен салыстырғанда құрылыс компанияларының саны 20 пайызға артқан.