Келіссөздерге қатысатын Беларусь өкілдерін Беларусь үкімет басшысының орынбасары әрі экономика министрі Андрей Кобяков, қазақстандық өкілдерді ҚР үкімет басшысының орынбасары Сауат Мыңбаев, Ресей өкілдерін осы елдің өнеркәсіп және энергетика минситрі Виктор Христенко, Украина өкілдерін үкімет басшысының бірінші орынбасары- министр Николай Азаров басқарады.
ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, отырыс күн тәртібінде Біртұтас Экономикалық кеңістік-ке қатысушы мемлекеттер келісіп қол қоятын негізгі халықаралық - құқықтық құжаттардың тізімін қарау межеленген.