Астанада болған кешегі дүрбелеңнен кейін сегіз адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады. 

Естеріңізге салсақ, кеше кешкі сағат тоғыздар шамасында "Әбу-Даби Плазаның" құрылыс алаңқайының бақылау-өткізу орнында күзет компаниясының қызметкерлері мен шетелдік жұмысшылар (Үндістан азаматтары) арасында ерегіс болған еді. Оқиға орнына мемлекеттік құрылымдар мен құқық қорғау органдарының өкілдері барды. Сөйтіп, бір қақтығыстың жолы кесілді.

"Алайда бірқатар азаматтар тәртіп бұзып, жағдайды ушықтыруға тырысты. Олар құқық қорғау органдары өкілдерінің талабына құлақ аспады. Заңға қарсы әрекеттерді болдырмау мақсатында Есіл ауданының ІІБ-не бірқатар азаматтар жеткізіліп, 8 адамға қатысты әкімшілік шара қолданылды" деп хабарлады баспасөз қызметі.