Астанада босанған екі әйел қайтыс болды


Бұл мәліметті қалалық Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Босанған екі әйелдің өлімін растаймын. Қызметтік тергеу жүріп жатыр, тексеріс жүргізу үшін сарапшылардың комиссиясы құрылды. Балалар аман-есен, бірақ олардың жағдайларына қатысты пікір білдірмейміз", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. Осыған дейін әлеуметтік желілерде Астанадағы перинаталдық орталықтардың бірінде екі әйелдің қайтыс болғаны жайлы мәліметтер тараған болатын.