Үш күнге созылатын дүбірлі додаға Дағыстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина сынды 7 мемлекеттің спортшылары қатысады. Ресми ашылу сағат 11-ге белгіленген шараға «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, сонымен қатар еліміздің күш-құрылымдарының лаузымды қызметкерлері қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, жұдырықтасу - бұл қазақтың көне жауынгерлік өнері, ол өз кезінде жоғалып кетуге дейін барған және бүгінгі күнге дейін қазақ мәдениетінің үлкен олқылығы болып табылады. Оған ушу-саньда, каратэ, бокс, дзюдо, самбо, тай боксы және қазақша күрес элементтері кірді.
Елордада жалауын көтергелі отырған турнир Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Наурызбай, Кенесары, Махамбет, Малайсары, Олжабай сынды қазақтың ұлы батырларын құрметтеуге бағытталған.
Турнир Қазақстан Республикасының ұлттық спорт түрлерінің бірі ретінде қазақтың көне жауынгерлік өнерін «Жұдырықтасуды» әрі қарай насихаттау және дамытуға үлес қосады және қазақ халқының атағын шығарып жүрген қазақ даласының ұлы батырларын құрметтеуге бағытталған отан сүйгіштік сипаттағы кең ауқымды спорт іс-шарасы болып табылады.