«Соңғы 5 жыл ішінде қалада 931 құрылыс жай бұзылып, тәркіленді, 10 миллиардтан астам өтемақы төленді», - деп әкім бүгін халыққа есеп беру кездесуінде атап көрсетті.
931 саяжай иесінің саусақпен санарлығы ғана өтемақыға риза болмады, сот талқысынан кейін олармен ортақ келісімге келеді.
«Бірақ айтқым келетіні, қалада қалыптасқан нарықтық бағадан артық ақша ешкім төлемейді. Көп жағдайда адамдар нарық бағасынан бірнеше есе асып түсетін соманы талап етеді. Заң бәріне бірдей екенін түсінулеріңіз керек», - дейді И.Тасмағамбетов.