Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Астана әкімі Асқар Мамин қалалық әкімшілікте бүгін таңертең республикалық бюджеттік ұйымдардың 48 кызметкеріне пәтерлердің кілтін табыс етті.
Бүгін сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтеді. Асқар Мамин мемлекет басшысы атынан мемлекеттік жоғары наградаларын табыс етеді.
Салтанатты жиналыстан кейін, әкімдік ғимараты орналасқан ескі алаңында, қалалық жедел жәрдем көрсету қызметіне медициналық құрал-жабдықтармен жасақталған 10 "Hyundai" маркілі "жедел көмек" көлігін тапсыру рәсімі өткізіледі. Құрал -жабдықтар қатарында - оттегі толтырылған цилиндр, өрт сөндіргіш, электроқозғалтқыш, медициналық қобдиша, зембі сияқты жабдықтар бар. Әрбір көліктің құны 3,4 млн теңге.
Сонымен қатар, Бейбітшілік және Келісім Сарайындар сағат 16.00 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтеді. Ал кешкі сағат 18.00 ескі алаңда мемлекет басшысының қатысуымен мұз айдынының ашылу рәсімі өтеді.