Астанада дарынды жастар бақ сынасты



Барлығы 14 пен 20 жас аралығындағы 43 сайыскер бақ сынады. Олимпиада жеңімпаздарына Еуразия ұлттық университетінің сәулет және дизайн факультетіне түсу кезінде жеңілдік берілмек. Сонымен қатар бұл сайыскерлер сәулет пен дизайн бойынша атақты профессорлардың шеберлік сағаттарына қатысуға мүмкіндік алады. Сайыс нәтижелері бойынша 3 жүлделі орынмен қатар «Үкілі үміт» және «Жоғары техника» арнайы номинациялары бойынша үздіктер анықталмақ. Олимпиада барысында балаларға антикалық мүсіндердің гипстік моделін академиялық техникамен салу тапсырмасы берілді. Бұл тапсырманы қатысушылар 4 сағат ішінде орындап шығуға тиіс, деп хабарлайды 24.kz.