Астанада дауылға байланысты жәрдем сұрағандардан 4 мыңнан астам қоңырау келіп түскен


Бас қаланың 7 ғимараты шатырсыз қалды,деп хабарлайды 24.кз. Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов осындай дерек келтіреді. Жер үйлердің бірқатары жарықсыз қалған. Қала сыртындағы күре жолдарға 200-ден астам құтқарушы жұмылдырылып, 66 көлік пен 150-ге жуық жолаушы қауіпсіз жерге көшірілді. Қар тазалау техникалары 35 мың текше метр қарды қала сыртына шығарып, жолдарға 500 текше метр құм себілді. Дауылдың салдарын жою үшін жедел штаб құрылды. Қала іші мен сыртын патрульдеу жалғасуда.