Отырыс барысында мемлекеттік комиссияның мүшелері Қазақстанның 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болуға жасаған өтінішін СІМ тарапынан насихаттау және оны ілгерілетуге бағытталған жұмыстарының барысын талқылайды. Осы мәселе бойынша ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы арнаулы өкілі Рахат Әлиев сөз сөйлейді.
Сонымен бірге мемлекеттік комиссияның мүшелері Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен құқық қорғау мекемелерінің іс-қызметін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен елімізде азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт ережелерінің жүзеге асырылуына қатысты мәселелерді талқылайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті