Астанада «Дiнтұтқа» кiтабы жарық көрдi


Әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбасшылары сьезi хатшылығы мен ҚР Дiн iстерi агеттiгiнiң қолдауымен жарық көрiп отырған "Дiнтұтқа" кiтабына "Егемен Қазақстан" газетiнде дiнаралық және конфессияаралық үнқатысу мәселелерi жөнiнде 2003-2013 жылдары аралығында жарияланған жүзден астам мақалалар мен сұхбаттар енгiзiлген.

"Егемен Қазақстан" АҚ президентi Сауытбек Абдрахмановтың айтуынша, бұл жинақ елдегi дiнаралық, ұлтаралық татулықтың басты жетiстiгiне айналған Әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбасшылары сьезiнiң 10 жылдығына арналып отыр. Сонымен қатар мұнда Қазақстанның осынау жетiстiкке, әлемдiк атаққа қол жеткiзуiне үлкен еңбек сiңiрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қадiр-қасиетiн ерекше ашады.

"Осының барлығы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегi биiк беделiнiң арқасында келдi. Осыдан он жыл бұрын дүниеге келген Әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбасшылары сьезiн өткеру идеясы еңселi де мығым елдiң басшысынан ғана шығатын едi. Ендi екi күннен кейiн сьездiң он жылдығына орай үлкен жиын өтедi. Осы оқиғаның қарсаңында "Егемен Қазақстан" газетi "Дiнтұтқа" атты көлемдi кiтапты құрастырды", - дедi С.Абдрахманов тұсаукесер рәсiмiнде.

Болашақта кiтап орыс және ағылшын тiлдерiнде де басылады деп жоспарлануда.