Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Вице-министр Диснейленд емес, ойын-сауық саябағы салынатынын айтты.
"Қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқан жобаларда Астанада туристік квартал бар, бұл үлкен ойын-сауық паркі болатын маңызды кешен. Жоба іске асыру сатысында. Иә, жоспарлар бар. Бірақ бұл Диснейленд емес. Ол "Барыс Аренаның" артында салынады", – деді Ержан Еркінбаев.