Оқиға Астана қаласында орын алған. Полицияға 20 шақты жасөспірімнің жаппай төбелесіп жатқаны жайлы ақпарат келіп түседі. Тәртіп сақшылары келіп жеткенімен олар бой тасалап үлгерген. Кейін 5-6 баланың Сарыарқа ауданында тыныштықты бұзып жүргені жайлы мәлім болады. Patrul.kz тілшілерінің айтуынша, сырт көзбен қарағанда жастар аздап ішімдік ішкен секілді. Кейбір мәліметтерге бойынша жас жігіттер елорданың белді тұлғалаларының балалары көрінеді. Дөкейлердің балалары тәртіп сақшыларына бағынбай қыр көрсеткен. Тіпті араларында «бірге бір шық» дегендері де болды.
Ақырында көліктеріне мініп із суытуға тырысады. Дегенмен көп ұзамай қайтадан қолға түсті. Ақыры күш қолдануға мәжбүр болған сақашылар ата-анасына сенген байлардың балаларын Сарыарқа аудандық ІІБ-не жеткізді.