Жылу алдымен әлеуметтік нысандарға аурухана мен мектеп пен балабақшаларға беріледі. Ал тұрғын үйлер жылу көзіне 10 тәуліктен соң қосылмақ. Астана әкімдігі жылу маусымына 100 пайыз дайынбыз деп отыр. Ал қандай бір ақау шықса, ол пәтер иелері кооперативтерінің шалалығы. Шенеуніктердің шалт қимылдауы бекер емес. Өйткені синоптиктер бүгін-ертең ауа-райы күрт суытады деп отыр. Ауа температурасы -10 градусқа түспек. Ал, соңы қарлы боранға да ұласуы мүмкін. Шачар басшысы бүгін коммуналдық мекемелерге жылу тарату мәселесін ұдайы бақылауды ұстауды тапсырды.
Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі:
- Жауапты шенеуніктер жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорын басшыларымен күн сайын жиналыс өткізсін. Ал, пәтер иелері кооперативі төрағалары үйлерді аралап проблема болса, тез арада тиісті мекемелерге жеткізіп отырсын.