Астанада дүкендерде бөлке нанды 55 теңгемен сатуда

Астананың азық-түлік дүкендерінің 80 пайызы (барлық саны 603) бүгінгі жағдаймен бөлке нанды 55 теңгеге сатуда.

"Бұл баға өнімді өндіретін ірі компаниялармен келісім жасау нәтижесінде тұрақтанады", деп хабарлайды әкімшіліктегілер. Бұл уағдаластықтың орындалуына ұдайы мониторинг жүргізу арқылы бақылау жасалынады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астана әкімшілігі, "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" Ұлттық компаниясы мен "Концерн "Цесна -Астық" ЖШС бидай, ұн және нан өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөнінде ынтымақтаса жұмыс істеу жөнінде меморандумға қол қойған болатын.

Бұл меморандумға сәйкес, "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" "Концерн "Цесна -Астық" ЖШС-іне 2007 жылғы түсімнен 1 тоннасын 24 мың теңгеден 50 мың тонна азық-түліктік бидай бөлуге кепілдік берді.

Соның нәтижесінде "Цесна-Астық" нанының бағасы 48 теңгеден аспауға тиіс.

Астанада шағын және орта бизнестің 38 субьектісі, соның ішінде 17 кәсіпорын 1 сұрыпты ұннан бөлке нан пісірумен айналысады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті