Астанада дзюдодан әлем біріншілігі басталды

Дүбірлі додаға әлемнің 120-дан астам мемлекетінен 1 мыңға жуық спорт саңлақтары қатысуда.

Таңғы сағат 11.00-де басталған күрес бәсекесін «Қазспорт» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде. Бүгін 60 келі салмақтағы ерлер мен 48 келідегі қыздар татамиге шығуда. Жеңімпаздар түстен кейін анықталатын болады.


Айта кету керек, 60 келі салмақта Елдос Сметов пен Рустам Ыбыраев ел намысын қорғауда. Олар іріктеу кездесулерін сәтті бастады.

Бүгін сағат 16-00-де Әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі болады. Әлем біріншілігі «Алау» спорт кешенінде өтіп жатыр.