Астанада экология және тұрақты даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты аймағы форумының кезекті отырысы басталды

Кезекті отырыстың мақсаты - Азия-Тынық мұхиты аймағының ұзақ мерзімді тұрақты даму үлгісінің алғашқы нұсқасын талқылау. Бұған қоса форумға қатысушылар Орталық Азия аймағындағы жалпы ахуалмен және ынтымақтастық мүмкіндіктерімен танысады.

Экология және тұрақты даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты аймақтық форумы 2000-жылы Жапонияда құрылған. Бас қосу Азия-Тынық мұхиты аймағының жалпы ахуалы мен даму перспективасына талдау жасауды мұрат тұтады. Ұйымға танымал саяси қайраткерлер мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері енеді.
Соңғы 20 жылда аймақ елдерінің экономикасы 4 есе өсті. Азия-Тынық мұхиты аймағы - Жер бетіндегі халық ең тығыз қоныстанған аймаққа саналады.