Астанада ЭКСПО-2017 нысандарын салу барысында қанша жұмыс орны құрылады?

«Менің ойымша, көрме айтарлықтай экономикалық нәтижеге қол жеткізеді. Бұл ауқымды шара шағын және орта бизнеске, қызмет көрсету саласына едәуір пайда тигізеді. Егер біз құрылыс саласын ескеретін болсақ, онда көрмені өткізу мен оған дейінгі кезеңде 20 мыңға тарта жұмыс орындары қамтамасыз етіледі», - деді Т. Ермегияев.

Сонымен қатар Ұлттық компанияның басшысы алдағы екі аптада көрмені өткізуге жұмсалатын жалпы шығыстар жайында хабарлайтынын уәде етті.


«Көрме құнына тоқталатын болсақ, ол техникалық-экономикалық негіздеме жасалғаннан кейін анықталады. Қазіргі кезде біз оны аяқтауға жақындадық. Меніңше, алдағы екі аптада біз техникалық-экономикалық негіздемеге сараптаманы алатын боламыз. Онда бұл жобаның базалық құны аясында алдын ала сандар көрсетіледі»,  - деп нақтылап өтті Т. Ермегияев.