Астанада ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысына бірнеше бас мердігер тартылмақ

Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компанияның басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлімдеді.

«Бас мердігер әзірге анықталмады. Меніңше, бас мердігер бірнешеу болады. Демек, бір учаскеде 1 млн 300 мың шаршы метр болса мұндай үлкен көлемді бір мердігер игере алмайды», - деп ол бүгін президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

«Сондықтан, нысандар көлемін бөліп, үш-төрт бас мердігер тартылады деп ойлаймын», дейді ол.


Мамыр айында ЭКСПО-ның алғашқы нысандары басталады. Көрмеге бөлінген жалпы алаң 174 га құрайды.