Астанада «Экспоның» басқарушы директоры қамауға алынды

Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары:

-«ЭКСПО»-ның басқарушы директоры Баркинхоев түнде ұсталды. Күдікті бұған дейін қамауға алынған тұлғалармен сыбайласып, 214 миллион теңге қазына қаржысын жымқырған.

50 жастағы Суламбек Баркинхоев та изоляторға емес, үйқамаққа алынған.  Қазір миллиардтар айналған мекемедегі ақшаға жауапты болған басқарушы директордан тергеушілер жауап алып жатыр. Талғат Ермегияев «Астана Экспо 2017» ұлттық компаниясын басқаруға тағайындалғанда,бизнесте жүрген Баркинхоевты осында лауазымды қызметке жайғастырған екен. Десек те, былығы ашылып зәулім пәтерінде үйқамақта отырған  Ермегияевтің өзінің жағдайы мәз емес. Дүние мүлкі мен 6 компаниясының есепшотына тыйым салынған болатын. Құрылыс департаментіне жетекшілік еткен Қажымұрат Үсеновтің де жақын арада жиған байлығы бұғатталуы мүмкін. Осылайша, «ЭКСПО»-дағы былыққа қатысы бар сыбайластардың саны үшеуге жетті. Миллиардтаған келісім-шарт мен тендер құжаттары әлі тексеріліп жатқанын ескерсек, тұтқындаулар мұнымен бітпейтін секілді.

Loading...