Астанада экс-шенеунікке қатысты сот процесі басталды

30 томнан асатын қылмыстық іс қаралатын процеске судья Ақмарал Исаева төрағалық етеді.

А.Мешімбаева ұлттық халық санағына бөлінген 758,2 млн теңгені талан-тараж етті, сервер қондырғысына арнап қос кондиционер сатып алу барысында лауазымын асыра пайдаланып, мемлекетке 3,5 млн теңгеден астам шығын келтірді деп айыпталған болатын.

Қылмыстық қудалау орындарынан қашып кеткен экс-шенеунік биылғы ақпан айында Мәскеуде қолға түсіп, 7-қыркүйекте Астанаға жеткізілген-ді.