Астанада элиталық колледждің студенттері мен мұғалімдері жаппай астан ұшынды

Астан ұшынып ауруханаға жеткізілгендер мына элиталық колледждің студенттері мен мұғалімдері. Барлығы осындағы асханадан тамақтанған соң, өздерін жайсыз сезіне бастаған. Артынан жағдайлары тіптен нашарлаған 70 адам дереу ауруханаға жеткізіліпті. Ішек инфекциясын жұқтырған олардың басым бөлігіне «сальмонеллез» диагнозы қойылды.

Гүлраушан Сапарбек, Жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері:

-Науқастар  дене қызуларының көтерілуіне, іштерінің өтуіне, құсуына шағымданды. Түскендердің көбі балалар , мұғалімдер де болды. Жатқан науқастардың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Емдерін алуда.

Қазір ауруханада әлі 32 науқас ем алып жатыр. Көбі кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер. Анық болғандай, студенттер мен мұғалімдер 9 мамырға орай мерекелік дастархан жайыпты. Онда салаттар пен мен тәттілердің түр-түрі желінген екен. Оның үстіне СЭС санитарлық талаптардың да өрескел бұзылғанын айтып отыр. Яғни азық тас еденің үстіне дейін қойылыпты. Болжам бойынша жұқпалы індет азық-түліктен тарауы мүмкін.

Федор Пеев, Астана қалалық Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

-Жейтін тағамдардың барлығы колледждің ас мәзіріне қайшы келеді. Себебі, үстелге тәтті әрі тез бұзылатын тағамдар қойылыпты. Тазалық жоқ жерде оны жеу тым қауіпті.

Бұл Елордада екі айдың ішінде осымен үшінші жаппай ұшыну дерегі. Бұған дейін депуттар мен шенеуніктер түстенетін «Старомодный» мейрамханасында 27 адам астан ұшынса, сәл кейінірек, балалар ауруханасының буфетінен де ішек инфекциясы табылған болатын. Осылайша, барлығын қосқанда, Астанада соңғы екі ай ішінде 150-ден астам адам «сальмонеллез» ауруына шалдығып отыр. Ал ата-аналарды шошытқан бүгінгі оқиғаны прокуратура да бақылауға алды.

-Қазір адамдарды ажал құштыра жаздаған колледж асханасын СЭС әлі тексеріп жатыр. Тіпті жағдай ушығып кетпесі үшін сабақ  уақытша тоқталып, оқу орны 18 мамырға дейін  карантинге жабылған. Ал санитарлық нормалардың сақталмағаны үшін колледж басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Егер кінәлі анықталса ірі көлемде айыппұл төлейді  немесе 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Loading...