Астанада элиталық коттедждерді тонап келген ұрылар ұсталды

Бірнеше күннің ішінде баукеспелер 20 миллион теңгенің мүлкін қолды қылған. Яғни, жүздеген қымбат сағат, алтын, түрлі әшекей бұйымдармен қатар үйдегі теріден жасалған тондарды жымқырыпты. Сонымен қатар ұрлаған 30 мың доллар, 9 мың еуро мен 2 травматиалық тапаншаны Астанадан жалға алған пәтерлеріне тасып отырған. Темір тор мен терезелерді сындыруға арналған құралдың да түрі бар екен. Қолға түскен 3 қызылордалық қазір изоляторда жатыр.

Loading...