Caravan Logo

Астанада эстон азық-түлігінің көрмесі өтеді

Астанада эстон азық-түлігінің көрмесі өтеді

Бұл туралы журналистерге Эстония Республикасының Қазақстандағы құрметті консулы Бибігүл Балпық мәлім етті.

«Қыркүйек айында эстон тауарларының жәрмеңкесі өтеді. Онда 30-дан астам кәсіпорындардың азық-түлік тауарлары ұсынылатын болады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, эстон азық-түлігі жоғары сапа, төмен бағасымен және алуан түрлігімен ерекшеленеді.

Естеріңізге сала кетейік, елордада ағымдағы жылдың мамырында Эстонияның Қазақстандағы Елшілігі ашылған болатын. Эстония істерінің Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Маргус Солнсен.