Астанада екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жараланды

Жол апаты бүгін түнде Тілендиев даңғылында жанармай тарату станциясының қарсы алдында болған. "Хонда" және "ВАЗ-2109" автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан "Жигули" жүргізушісі, оның жолаушысы мен "Хонда" автокөлігінің бір жолаушысы ауруханаға жатқызылды. "ВАЗ автокөлігінде отырған тағы бір 25 жастағы әйел қаза тапты. Азиялық нәсілді бұл адамның аты-жөні анықталған жоқ",- деп хабарлайды мекеме.

Апат зардаптарын жоюға ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің құтқарушылар отрядының қызметкерлері қатысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті