Астанада екі қыз Италия азаматын ұрып-соғып, тонап кеткен

Астанада екі қыз Италия азаматын ұрып-соғып, тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қыздар жігітпен көріскен соң оған сыраханаға баруды ұсынған. Ол болса бұл ұсынысқа келіскен. Сыраханада сағат 23.00-ге дейін болып, сыртқа шығып үйлеріне қайтпақшы болған. Кейіннен қыздар адам жоқ жерде оны күштеп ұстап, бетін таспен ұрып жіберген, онымен қоса, оның iPhone 6S телефонын алып кеткен", - деп хабарлады Астана қалалық сотындағылар.

Астананың Алматы аудандық № 2 сотының шешімен қыздар ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтары бойынша ("Тонау")  айыпты деп танылды. Сот олардың бірін 4 жылға, ал екіншісін 3 жылға бас бостандығынан айырды.


Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ