Астанада екі қызды қағып кеткен Infiniti көлігінің жүргізушісі кешірім сұрады

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

«Сәлеметсіздер ме!

Мен, Болат Молдағалиев, 12 қараша күні Астанадағы Керуен сауда орталығы ауданында болған қайғылы жол апатына кінәлі Инфинити көлігінің жүргізушісімін. Оқиға салдарынан Әсел Рымханова есімді бойжеткен ауыр зардап шекті. Мені көпшілік немқұрайды адам немесе шегіп алған, оқиға орнынан қашып кетен қорқақ ретінде көрсеткісі келеді.

Бірақ бұл шындыққа жасапайды. Менің ол кезде жүрек талмам ұстап қалғандықтан өзімді де, көлікті де басқара алмай қалдым және соңы сұмдық жағдайға әкеп соқты. Мені ес түссіз күйде ауруханаға әкетті. Ота жасатып, жансақтау бөліміне жатқызды. Енді ғана өз өзіме келіп, оқиғаны баяндап отырмын.

Алладан Әселдің сауығып кетуін тілеймін. Барлық жауапкершілікті мойныма алуға және оның жазылып кетуі үшін қолымнан келгеннің бәрін жасауға әзірмін. Бірақ негізссіз қаралаудың қажеті жоқ. Тек сол күні менің де, Әселдің де жолы болмады. Әсел, кешіре алсаң мені кешір», – деп жазады ол фейсбуктегі жеке 
парақшасында
.

Айта кетейік, сұмдық жол апаты 12 қараша күні “Керуен” сауда орталығының көлік тұрағы маңында болды.