«Биылғы жылдан бастап қоғамдық көлікті дамытуға күш саламыз. Қазірдің өзінде жолаушылар легі 750 мыңға жақындады. Сондықтан, көлік мәселесін қиындатпас үшін қалада бірқатар жүйелі жобалар жүзеге асырылып жатыр», - деді ол жұма күні елорданы дамыту жөніндегі кеңесте.
Әкім көлік құрамын түбегейлі жаңартып, толықтыруды «ең бірінші міндет» деп атады.
«Бүгінде қалада 900-ге жуық автобус бар. Әлі де 350 автобус жетіспейді. Биыл 350 дана автобус сатып алып, оның орнын толтырамыз. Автобус сатып алу үшін тиісті инфрақұрылым қалыптастыру қажет. Сол үшін біз екі бірдей коммуналдық автобус паркін ашуды жоспарлап отырмыз. Бірінші жобаның жобалық-сметалық құжаттары дайын, қай жерге салынатыны да анықталды. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың мамыр айында басталып, қазан айында аяқталуы тиіс. Екінші жобаны 2014 жылдың екінші жартысында жүзеге асырамыз», - деді әкім.
Оның айтуынша, 2017 жылға қарай «ірілендіру арқылы қаладағы 8 автопарк санын төртеуге дейін қысқарту жоспарланған».