Астанада екі жақты ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Қырғызстан үкіметаралық бірлескен комиссиясының жетінші отырысы басталды

Қырғыз жағынан комиссияның тең төрағасы болып Қырғызстанның өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрі Сапарбек Балкибеков бекітілген, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Комиссия құрамына мүдделі министрліктер мен мекемелердің, бірқатар қырғыз кәсіпорындарының өкілдері кірген.

Қазақстан жағынан комиссияның тең төрағасы - ҚР энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов.

Күн тәртібіне екі жақты қарым-қатынастарды мейлінше қарқынды дамытуға септігін тигізетін бірқатар мәселелер енгізілген. Атап айтсақ, су-энергетикалық ресурстар, ауылшаруашылығы, транспорттық коммуникациялар мен сауданы дамыту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу салаларындағы ынтымақтастықтардың келешегі талқыланады. Сондай-ақ, делегация өкілдері қазақ-қырғыз инвестициялық қорының жұмыс перспективаларын жан-жақты талқыламақшы.