Астанада екі жасар бала тұрғын үйдің төртінші қабатынан құлап кетті

деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Құтқарушылардың нақтылауынша, қайғылы оқиға дүйсенбі күні кешқұрым болды. «Бала байқаусызда құлап кеткен», - деп түсіндірді ТЖМ баспасөз қызметі.

Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді, баланың жағдайы жайында баспасөз қызметі хабарламаған.