Астанада Екінші Еуразиялық әйелдер саммиті өтеді

Оның айтуынша, саммитке Қазақстан, Ресей, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Латвия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің 400-ден астам жетекші әйелдері, қоғамдық, саяси және іскерлік орталардың көшбасшылары қатысады.

Сонымен қатар, Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығының президентінің хабарлағанындай, саммит жұмысына БҰҰ Бас хатшысының гендерлік саясат және әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі орынбасары Рейчел Майанджа қатыспақ.

"Бұл жолғы саммиттің тақырыбы - "Өзара іс-қимыл арқылы алға басу". Саммит аясында біз бірнеше шаралар өткіземіз. Олар: саммиттің негізгі тақырыбы бойынша халықаралық конференция және көшбасшылар парады, яғни, зор табысқа қол жеткізген жарқын тұлғаларды таныстыру", - деді Р. Сәрсембаева.