Астанада екінші қазақстандық астық форумы ашылды

Форумның жұмысына 280 аса адам қатысып, олар Еуропа, Араб әлемін, ТМД, Орталық азияның 30 мемлекетінің 70 компаниясының өкілдері. Сондай-ақ, форумға ТМД елдерінің ауыл шаруашылық министрлері; астық салысының халықаралық және қазақстандық белгілі сарапшылары; трейдерлер, агрохолдингтер, қайта өңдеу және ауыл шаруашылық өндіріс орындарының жетекшілері мен мамандары, сондай-ақ, банктер, инвестициялық, консалтингтік және сақтандыру компаниялары шақырылды.

Форум сессиялық отырыстарында, әлемдік нарықтың дамуы, Қазақстан мен ТМД елдерінде бидайды терең өңдеудің тиімділігіне арналған тақырыптар талқыланатын болады. Сондай-ақ, Қазақстан бидайын тасымалдау, оның экспорты, халықаралық сауданы ұйымдастырудың тәсілі, механизмдері, халықаралық тәжірибелер негізінде экспорттық тауарды лицензиялау мәселесі талқыланады.

Форумның өтуі барысында, әлемдік ірі аграрлық биржалардың тұсау кесері болады деп күтілуде. Бұл Қазақстан биржалық саудасын енді ғана қолға алып дамыту кезеңінде әсіресе маңызды.

Былтыр 2006 жылы өткен астық форумы қорытындысында, 1,2 млн тонна қазақ бидайын экспорттау туралы 70 келісім-шартына қол қойылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті