Астанада екінші шақырылған парламенттің соңғы жалпы отырысы өтті

"Жұмысымыз бұлайша тез арада аяқталады деп ойламаған едік, бірақ жағдай осылай болды, бұл - президенттің шешімі",- деді Ж.Тұяқбай. Мәжіліс төрағасының пікірінше, парламенттің 1-желтоқсанға дейін уақыты болған.

"Кеше біз еліміздің ең маңызды қаржылық құжаттарының бірі - бюджет жобасын алғашқы оқылымда қарадық. Екінші оқылымға дейін үш күн қалғанда төңкеріске душар болғандай күйге түсіп отырмыз",- деді ол. Ж.Тұяқбайдың пікірінше, "жаңа парламенттік сессияның ашылуын дүйсенбі күні де шақыруға болар еді".
"Депутаттардың біраз бөлігі қайтадан сайланды. Біз олар үшін қуаныштымыз. Олар біз бастаған істі одан әрі жалғастыратын болады",- деді мәжіліс спикері.
Ж.Тұяқбайдың пайымдауынша, "халықтың бірлігін, сөз бостандығын, пікір алуандығын сақтап қалу керек. Заңға бағыныштылық дамып, Ата заң ардақталған жағдайда ел одан әрі ілгерілейді. Алайда, бұның барлығы да тек өзімізге ғана байланысты". Егер жоғарғы жақта отырған шенеуніктердің өзі заңды орындамайтын болса, солардың өзі тәртіпке шақырылмаса, онда бәр нәрсе мәнін жояды, деді Ж.Тұяқбай.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үшінші шақырылған парламенттің алғашқы сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Мәжілістің жаңа құрамы 3-қарашада жұмысқа кірісуі тиіс.