Бірлескен отырысқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, үкімет басшысы Даниал Ахметов пен үкімет мүшелері қатысуда. Отырысқа сенаттың барлық 39 депутаты мен 79 мәжіліс депутатының 74-і қатысып отыр. Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай "отырысты ашық деп жариялауға қажетті кворум қалыптасты",- деп мәлімдеді.
Отырыста мемлекет басшысы депутаттарға арнап құттықтау сөз сөйлейді деп күтілуде.