Caravan Logo

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі басталды

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі басталды

Күн тәртібіне сәйкес қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымды міндеттері, өткен кезеңдегі еліміздің сыртқы саясат ведомствосының қызметі және жұмысының перспективалық жоспары, сондай-ақ халықаралық қатынастағы көкейкесті мәселелер қарастырылатын болады.

2005 жылдан бері алғаш рет өткізіліп отырған жиынға еліміздің шетелдердегі барлық мекемелерінің және бірқатар орталық атқарушы органдарының басшылары қатысуда. Алқа мәжілісі 19-20 қарашада өткізіледі.

Алқа жұмысының екінші күні Қазақстанның мемлекеттік органдары мен басшыларының қатысуымен шетелдегі қазақстандық дипломатиялық корпустардың өкілдеріне арналған семинарлар өткізіледі.