Астанада Елбасының қатысуымен агроөнеркәсіптік кешен мәселесіне арналған республикалық кеңес басталды

Кеңесте Елбасы сөз сөйлейді деп күтілуде.

Сонымен қатар кеңесте республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов, сондай-ақ, "Агроөнеркәсіптік кешеннің 2006-жылғы даму қорытындысы және ауылшаруашылығы саласының бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған болашақтағы міндеттер туралы" баяндамамен еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов сөз сөйлейді деп күтілуде.

Сонымен бірге кеңесте Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин "Қостанай облысындағы агроөнеркәсіптік кешен : оны дамыту мен модернизациялаудың негізгі жолдары" атты баяндамамен; Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев "Оңтүстік Қазақстан облысындағы кезек күттірмес шаралар бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы туралы" атты баяндамамен; "Биохим"ЖШС бас директоры Александр Сутягинский ""Биохим" өндірістік кешенінің негізінде инновациялық технологияларды қолданысқа енгізу"; Павлодар облысы Лебьяжы ауданының әкімі Серик Әпсалықов "Өңірдегі агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері туралы" атты; Қазақстан Республикасының астық өңдеушілері мен наубайшылары одағының президенті Евгений Ган "Отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетін көтеруде салалық және кәсіби бірлестіктердің атқаратын ролі" атты; "Қазагро" Ұлттық холдингі" АҚ басқармаларының төрағасы Әлихан Смайылов "Ауылшаруашылығының бәсекелестік қабілетін арттыруда Қазагро" Ұлттық холдингі" АҚ-ның атқаратын ролі" атты баяндамамен жарыссөзге шығады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті