Астанада еліміздегі бас шыршаның шырағын жағу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мерекелік шырша "Хан-Шатыр" ойын-сауық орталығындағы мұз қалашығында орнатылды.
Жаңажылдық шыршаны Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев жақты.
© Тұрар Қазанғапов
Осылайша еліміздегі бас шыршаны жағуға арналған мерекелік бағдарламада қала қонақтары безендірілген шыршаны тамашалай алды.
Сондай-ақ, бүгін еліміздегі ең үлкен мұз қалашығының ашылу рәсімі өтті.
© Тұрар Қазанғапов
Қала басшысы Әсет Исекешев бұл іс-шараның дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұратынын айта отырып, Facebook желісіндегі парақшасы арқылы қала қонақтары мен тұрғындарын бас шыршаның шырағын жағу рәсіміне шақырды.