Астанада еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға арналған кеңес басталды

Кеңесті ашқан үкімет басшысы Даниал Ахметов еліміздің агроөнеркәсіптік кешені саласында "жақсы табыстарға қол жеткізілгенін" атап өтті. "Түлік саны мен өнімділіктің арту ағымы, өндіріс көлемі мен ауылшаруашылығы өндірісінің көлемі арту, сондай-ақ, ауылдың өндірістік инфрақұрылымын дамыту ағымдары жалғасын табуда",- деді үкімет басшысы.

Д.Ахметовтың ақпаратына сәйкес, 2004-жылы "ауылшаруашылығы саласында 693 млрд. теңгенің жалпы өнімі өндірілді, физикалық көлем индексі 2003-жылғы деңгеймен салыстырғанда 100 процентті құрады. Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 5,3 процентке артты". "Мемлекет басшысы тарапынан ауылды дамыту мақсатында екінші жылға қойылған мақсаттар жалпы алғанда орындалды",- деді үкімет басшысы.