Астаналық ҚАЖК департаменті бастығының орынбасары Ермек Қожахметовтың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты сотталғандар арасындағы моральдық-психологиялық қалыпты қолдап, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Бұқаралық-командалық сайыстардың қатысушылары шағын футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі спорт түрлері бойынша жарысты.
Елордадағы түзету департаменті қызметкерлерінен басқа, бәспекенің салтанатты ашылу рәсіміне «Нұр Отан» ХДП өкілдері, Әділет министрлігі ҚАЖ комитетінің қызметкерлері, Туризм және спорт министрлігі Спорт жөніндегі комитеттің, ҚАЖК Ардагерлер одағының, Астана қаласы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана қаласы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан бағалы сыйлықтар мен грамоталарға ие болды, деп атап өтті Е.Қожахметов.