Астанада «Елорда жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталады

Өтінімдерді қабылдау 1 ақпаннан бастап сағат 9.00-ден 6 ақпанға дейін сағат 23.59-ға дейін электрондық түрде birge.astana.kz порталы арқылы жүзеге асырылады (өтінім беру жөніндегі нұсқаулық zhilfond.kz сайтының осы бағдарлама бойынша хабарландыруында, «Жаңалықтар» бөлімінде орналастырылған).

Бағдарлама «Отбасы банк» АҚ арқылы елордада бастапқы/қайталама нарықта өз пәтеріңізді сатып алуға мүмкіндік береді.

Банк барлығы 80 несие береді.