Астанада ең төменгі күнкөріс деңгейі 22 787 теңгені құрады

Халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс шегі орта есеппен негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормалары бойынша есептеледі.

«2013 жылғы тамыз айында оның алдындағы аймен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 5,7 пайызға, 2012 жылғы тамыз айымен салыстырғанда 6,4 пайызға ұлғайды»,-  деп хабарлады ведомстводан.

Соның ішінде ет пен балық сатып алуға 20,0 пайыз, сүт, май өнімдері мен жұмыртқаға 13,2 пайыз, жеміс-жидектер мен көкөністерге 18,7 пайыз, нан өнімдері және жармаларға 6,4 пайыз, қант, шай мен дәмдеуіштерге 1,7 пайыз көлемінде жұмсалады.