Астанада ең үлкен сәукеле тігілді


Мына биіктігі 2 метрлік сәукелені Елордадағы Агротехникалық унивеситеттің студенттері 20 күн бойы тігіпті. Көздің жауын алатын қызыл  барқыт бас киімге кеткен шығынды жастар өз қалталарынан өтеген. Әдетте бас киімді жерге қоймайтын ырымды сақтап, оны екі жағынан арқанмен керіп, төбеге іліп қойған. Дегенмен, бүрмелі көйлек киген қыздар әдемі сәукелені өздеріне өлшеп көре алмады. Ал алғаш рет тігілген еліміздегі ең үлкен сәукеле Қазақстанның рекордтар кітабына дереу енгізілді. Енді ол мұражайға тапсырылмақ.