Астанада ең үздік мамандық иелерін анықтау байқауы басталды

Бұл туралы «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығынан хабарлады, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Айта кетейік, елордадағы еңбек нарығында аса қажетті мамандықтар - инженер, механик, энергетик, электрик, газ және электр дәнекерлеуші сияқты техникалық мамандар, сондай-ақ мұғалімдер мен тәрбиешілер болып табылады. Ал экономика және заң мамандықтарына сұраныс әлдеқайда төмен. Жалпы қаладағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамту жағдайына тоқталсақ, мұнда экономикалық белсенді халықтың ішінде жұмыссыздар саны ең аз тіркелген. Яғни, жұмыссыз жүрген азаматтар саны жылдан-жылға  азайып келеді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, Астана халқының саны 2014 жылғы 1 наурыздағы мәлімет бойынша 821,9 мың адамды құрады. Сонымен қатар өткен жылы жұмыссыздық деңгейі 5,5%, ал жастар арасында бұл көрсеткіш 7,7% кеміді. 

Еске салайық, «Астана тандауы» байқауына өтініштерді қабылдау 31 мамырға дейін жүргізіледі. Ал 1-20 маусымда байқаудың келесі кезеңі басталады, яғни www.astana.gov.kz сайтында үздік мамандық иесіне дауыс беру шарасы өтеді. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.