Астанада ең жомарт жұмыс берушілер анықталды


Қазір жұмысшыларын зар қақсатып, жалақысын дер кезінде бермей жүргендер көп. Сондықтан, «Самұрық Қазына» аса қамқор жұмыс берушіні анықтауды қолға алды. Әзірге, қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайына бей-жай қарамайтын мекеме номинациясында мұнай және білім саласының басшылары көш бастап тұр. Көбірек жалақы төлеп, мамандарына майдай жаққан компаниялар осы жомарттығы үшін ірі көлемде ақшалай сыйақы алды.