Астанада еңбек қатынастары саласында бақылау күшейтіледі


Жиында еңбек қатынастарын тиімді ұйымдастырудың, сондай-ақ қаланы дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлады astana.gov.kz. 

Бүгінгі таңда 8 ұйым 106 қызметкерге жалпы сомасы 37 млн 300 мың теңге қарыз.
Осыған байланысты қала басшысы барлық құрылыс компаниялары мен мердігер ұйымдарды бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ, құрылыстың сапасы мен тиімділігі салада жұмыстың қалай ұйымдастырылғанына тікелей байланысты екенін атап өтті.
Кеңес барысында әкім қаладағы көлік тұрақтарына қатысты мәселені көтерді. Анықталғандай, елорданың ірі сауда орталықтары көлік тұрақтарына арналған орындарды шағын бизнес нысандары ретінде жалға беріп келеді. Бұл мемлекеттік мекемелер тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығын білдіреді. Әділбек Жақсыбеков автотұрақ аймақтарын пайдалануға байланысты кешенді тексеру жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ кеңесте елорда инфрақұрылымы мен алдағы мерекелік шараларға дайындық барысы сөз болды.