Астанада ер адам кинотеатр қызметшісіне қол жұмсаған (ВИДЕО)

Белгілі болғандай, оқиға Астанадағы Kinopark кинотеатр желілерінің бірінде орын алған. Бұл туралы мекеменің   Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

«Өкінішке орай, ғаламторда тарап кеткен видеожазбадағы оқиға  біздің кинотеатрларымыздың бірінде болған.  Ол қыркүйек айының 14 күні Астана қаласындағы Kinopark 8 SaryArka ойын-сауық орталығында болды. Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары оны Алматыда орын алды деп көрсеткен, бұл ақпарат қате. Оқиғаға қатысты арыз Астана қалалық Есіл ауданының ІІБ-на жіберілді. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп жазылған хабарламада.